Тірі жан жоқ далада ояу –
Жаһан жаңа жаралып.
Қапас ғалам – қара бояу.
Күн көзінде – қара бұлт.
Жер тамыры тоқтап тұрды.
Кенет…
Көктен түсті де,
Прометей от лақтырды,
Мұз – ғаламның үстіне!
Ғалам отсыз қала ма енді жұмыр
Жерді жұт алып?
Киелі алау жана берді сөніп қалмай… тұтанып!
Замандарым!
Адамдарың найзағайша шатырлап,
Ақсұңқарұлы Серік