ӘБДІЛДАБЕК Ақыштайұлы (30.12. 1935 ж.т., ҚХР,Алтай аймағы, Алтай қ.) -аудармашы. Шыңжаң пед. ин-тын бітірген (1955). 1955 -61 ж. «Шыңжаң оқу-ағарту» журналында редактор болған. 1961 -80 ж. солшыл саясат кесірінен жұмыстан шеттетілген.1980 -89 ж. әдеби қызметкер,1989 -95 ж. «Көкжиек» журналы редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1995 жылдан «Шыңжаң халық баспасының» редакторы. Ә. Қытайда жарық көрген «Абайтану мәселелері», «Абай туралы естеліктер», «Бақытсыз Жамал» жинақтарының құрастырушысы. Қытай әдебиетінің классигі Лу Шүннің шығармаларын,Чүй Юанның «Ақын азабы» дастанын,»Күңзы ғақлиялары» (1996). «Мыңзы ғақлиялары», «Батысқа саяхат» (1996),»Ғұламалар шежіресі», «Қытайдың ертедегі әдебиеті», т.б. кітаптарды қазақ тіліне аударған.