ӘБДІҚАЛОВ Айтақын

ӘБДІҚАЛОВ Айтақын (10.9.1947 ж.т., Алматы обл. Райымбек ауд. Қайнар а.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1975). 1966 -83 ж. Нарынқол ауд. «Советгік шекара» (қазіргі «Хантәңірі») газетінде тілші, аға тілші,бөлім меңгерушісі,жауапты хатшы,редактордың орынбасары. 1983 -98 ж. Алматы обл. «Жетісу» газетінде аға тілші, «Алатау» газетінде редактор. обл. «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары,төрағасы,обл. әкімшілікте сектор меңгерушісі,1998 -2001 ж. «Қазақстан -1» телеарнасында меншікті тілші, Алматы обл. «Жетісу арнасы» телебағдарламасында бас редакгор қызметтерін атқарған. 2001 жылдан «Заң» газетінің Алматы обл. бойынша меншікті тілшісі. «Балауса»,»Бастау» (1979),»Ұшырайын құсымды» (1982),»Разбег», «Өмір -кеме» (1985) жыр жинақтары жарықкөрген.»Мұқағали» (1995)естелік кітабын,»Мұқағали -дастан» (2001) зерттеу кітаптарының құрастырушысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *