ҚАРА ОРМАН

Деді ол: «Жағдай қиын, көр:
Дімкәстау екен шешеңіз.
Тағы да біраз… тиын бер
Оның да мәнін шешеміз!»
Жанымның бұлтты аспаны
Нөсерлер пері кезі кеп:
«Алыңыз мынау ақшаны!
Айтыңыз – деймін. – Тезірек!»
Картасын жайып жаңадан
Шомды ойға цыган не түрлі.
Үстінде жердің әлі аман
Жүрген бір тәңірі секілді!
«Сеніңіз мендей пендеге,
Жүрегі адал десеңіз:
Міндадар болмай емге де
Сауығады екен шешеңіз!»
Сөйлейді цыган шабытты,
Қалтасы бүгін олжалы.
Болашағында бақытты
Болатыныңды болжады!
Тыңдадым ұйып болжамын
– Ерікті саған бердім, – деп.
Сөзіне ылғи сол жанның
Тұрады, Тәте, сенгім кеп…
Уақыттың шеру, дүрмегі
Барады алып шығанға.
Көрінбей… соңғы күндері
Із-түзсіз кетті цыган да.
Іздеймін соны көшеде,
Көзіммен тінтіп…
 
 
 

Ақсұңқарұлы Серік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *