ӘБДІҒАЗИҰЛЫ Балтабай (30.8. 1952 ж.т., Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд.) -ғалым. фил. ғыл. докт. (2001). проф. (2002). ҚазҰУ-ды бітірген (1974). 1974 -78 ж. Әдебиет және өнер ин-нда ғыл. қызметкер. 1978 -87 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»),»Социалистік Қазақстан» (қазіргі»ЕгеменКазақстан») газеттерінде бөлім меңгерушісі. «Жалын» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1987 -90 ж. ҚазҰПУ-дың аспиранты. 1990 -92 ж. доценті. 1992 -98 ж. деканы болды. Қазір осы ун-ттің кафедра меңгерушісі. Бірнеше ғыл-зерт. еңбектердің, оқулықтармен оқу құралдарының авторы