АХМЕТОВ Зәки (4.5.1928. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд, Ұзынбұлақа -17.12.2002, Алматы) -ғалым, филол. ғыл. докт. (1965),проф. (1966), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (1983),Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (1978). ҚазҰУ-ды бітірген (1948). 1948 -51 ж. КСРО ҒА-ның Санк-Петербургтегі Шығыстану ин-тында аспирант. 1951 -75 ж. Қазақ қыздар мемл. пед. ин-тында кафедра меңгерушісі,декан,1975 -84 ж. Әдебиет және өнер ин-тында директордың орынбасары, директоры, 1975 -81 ж. Қазақстан ҒА қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы,1984 -86 ж. Қазақстан ҰҒА-ның вице-президенті, 1986 жылдан ғұмырының соңына дейін Әдебиет және өнер ин-тында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1985 -86 ж. Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. Ғыл.-зерт. еңбектеріқазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына,қазіргі әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық,көркемдік шеберлік,поэтика,әдеби байланыстар проблемаларына арналған. Қазақ өлеңінің өзгешеліктері мен құрылымын зерттеудің ғыл. жүйесін жасады. Абайдың толық шығармалар жинағы басылымдарын (1954, 1957, 1970, 1995) дайындап,құрастырушылардың және түсініктемелер авторларының бірі болды. «Өлең сөздің теориясы» аталатын монографиясы 1992 ж. Қытайда жарық көрді. Қазақстан Мемл.сыйл.(1996).