Сұлтан деген баланың
Болды мойнақ күшігі,
Мойынында қарғысы,
Тап-тұйнақтай үйшігі.
Күндіз кіріп үйшікке
Ұйқтайды, дем алады;
Түні бойы көз ілмей,
Есік алдын бағады.
Кісі келсе, ит келсе
Шәуілдеп кеп үреді,
Өзінен мықты жоқтай-ақ,
Балпаң басып жүреді,
Сұлтан оған «Сырттан» – деп,
Ат қойыпты қадірлеп,–
Еркелетіп өсірді,
Көрген емес жәбірлеп.
***
Күндердің бір күнінде
Сұлтан бала ержетті;
Жігіт болды кәдімгі,
Кең иықты, келбетті.
Көк жал қасқыр секілді,
Төбет болды Сырттаны;
Бас дегенің қауғадай,
Салбыраңқы ұрттары.
Маңайдағы иттердің
Патшасындай басады,
Ит біткендер Сырттанды
Есіне алса, сасады.
Жабылса да он бес ит
Жеңе алар ма Сырттанды,
Талайын-ақ жұлқылап,
Алқымынан сыққан-ды.
Сұлтан үйде жоқ болса,
Сағынғандай үретін,
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ