Қара толқын орман шашын

Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар,
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.
Ұмтылды жау ондап, жүздеп,
Тойтарам деп ердің сағын,
Тұтқын етіп аламыз, – деп, –
Айқара ашып от құшағын.
– Ала алмайсың! – деді ер ұлан,
– Алмай қойман! – деді жауы.
Қысты келіп жан жағынан
Темір торлы жау құрсауы.
Жеті қабат жер өзегін
Жарып шықты отты селдей.
Бет қаратпай өртеп лебі,
Оқ ораған орай сермей,
Соғып жерге жау жүрегін, –
Бұрсанды кеп батыр ұлан,
Автоматтан түтетіп оқ,
Жау тобына лақтырылған.
Жер мен көктің кәріндей боп.
Қанжарына қарақшының
Қарсы тосып өз кеудесін,
Қорғады жер батыр ұлан,
Жаралы ана жиып есін.
Алмай қойман! – деді дұшпан,
– Ала алмайсың! – деді ер ұлан.
Қайсарлықпен шыққан даңқы
Келе жатты ауыр танк.
– О, құдірет! Құнсыз темір
Кеше ғана жатқан шаңда.
Біткендей-ақ бойына өмір,
Зірк-зірк етіп қан майданда.
Көрдіңдер ме, енді мынау
Сайысады адаммен бұл.
О, зымиян, сұрқия жау!
Қайран өнер, қайран ақыл!
 
 
 

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *