Мен сүйем аспандағы алтын Күнді,
Самалды, майда желді салқын түнді.
Мен сүйем ауаменен ширатылып,
Құлаққа жылы тиген мұңлы үнді.
Мен сүйем сылдыраған салқын суды,
Судағы салқындаған үйрек, қуды.
Мен сүйем күн шығарда көтерілген –
Көгілдір көк жібектей – көкшіл буды.
Мен сүйем ерікті-еркін таудың құсын,
Сайрасатын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ.
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
Дүниеде сүймейін мен нені ғана –
Бәрі қызық өзіме, бәрі жаңа.
Сонда дағы осының бәрінен де
Артық сүйем дүниеде сені ғана
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ