«Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында Асхат Аймағамбетов директорлардың мәселесі өте қиын екенін айтты. «Солтүстік пен орталық өңірлерде директор тапшы, өйткені оларға жай мұғалім болып жұмыс істеген ыңғайлы. Директор болса, қағазы да, жауапкершілігі де көп. Директордың айлығы мұғалімнің айлығынан төмен», деді А.Аймағамбетов.
Оның айтуынша, енді олардың да жалақысы екі есе өсетін болады сонымен қатар директорлар да категорияға бөлінеді.
«Жақсы директор өз жалақысын екі есе алатын болады», — деді министр.