Суырып көкте қылышын,
Нөсерлі қара төнді бұлт.
Тарылтып жердің тынысын,
Тапа-тал түсте болды ымырт.
Өрістен қашты төрт түлік,
Асыға үйге енді жұрт…
Салатындай бір бүлік,
Ақырды жерге долы бұлт.
Күйзелді келіп, күңіренді,
Аласұрды аспанда.
Шуылдап аймақ тебіренді,
Жалынын жерге шашқанда…
Жіберді жылап долы бұлт,
Төгілді жерге көк нөсер…
Өтті де кетті, болды ұмыт,
Жадырап жайнап күлді жер.
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ