Кел, көктем, күлім қағып қарсы алайық,
Арудай аймалайық құшақ жайып.
Қосылған сүйгеніне жас сұлудай –
Көктемім, көңілді елге, сен, лайық!
Көктемім – көңіл қошым, кел тезірек,
Көріктім көзің күн де, жүзің жібек.
Өмірді нұрға бөлеп, гүлге орайық,
Жаннаттай, жиһазыңды бер тезірек
ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ