Толып жатқан көп қалмақ,
Атына өбшін жабады.
Әрі де бері кеңесіп,
Ақыл-айла табады,
Қарасай, Қази, ЕрТарғын,
Жерінде тұрған қамады.
Қамағанын көрген соң,
Қарасай мінген Көкбұйра ат
Шап айылын босатты,
Құйысқанын қысқартты,
Қаһарланып қамшыменен ұш тартты.
Келді қалмақ, қаптады,
Қаптады да батпады.
Аруақты ердің баласын
Бір құдайым сақтады.
Жау таянып келген соң,
Үшеуі жауға шабады,
Мұрат Мөңкеұлы