Ай, Тарғын-ау, ай, Тарғын,
Сөзімді тыңда сен, Тарғын!
Қырқадан қырқа көрінген
Қарағай ма екен, тал ма екен?
Қарағай басын қырқа ұшқан
Қаршыға ма екен, қаз ба екен?
Үйде туып, түзде өлген,
Жігітте арман бар ма екен?
Қалмақтың қолын көрдің бе?
Мұрат Мөңкеұлы