Сілтеп жауға салалы

Сілтеп жауға салалы,
Қаптап жауға баралы,
Не қылар дейсің жау шіркін,
Баса шауып алалы,
Алаштап ұран салалы,
Не қылар дейсің жау шіркін,
Баса шауып алалы,
Қайтпаңыз, көп, қайтпаңыз,
Қалмаққа анау баралы.
Қайтпаңыз деп көп қолға,
Қарасай тағы толғайды,
«Ау ағалар, ағалар!
Мен сөйлейін, сөз тыңда
Зейінің қойып тез тыңда!
Астымдағы Көкбұйра ат,
Қанатым менің болсын деп,
Қибатқа алып, мінгенмін.
Үстімдегі ақ сауыт
Кебінім менің болсын деп,
Үстіме алып кигенмін.
Солқылдаған ақ найза
Басыма сайғақ болсын деп,
Оң қарыма ілгенмін.
Мен анамнан туған күн
Өлерімді білгеммін.
Не қылғаным қайтқаным,
Жанды құрбанға айтқанмын.
Қайтпаңыз, көп, қайтпаңыз,
Атыңның басын тартпаңыз.
Төсегіме төрт кісі,
Жастығыма бес кісі,
Қылышыма қырық кісі,
 
 
 

Мұрат Мөңкеұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *