Жылама, шеше, жылама

Жылама, шеше, жылама,
Жыламай көңілің тына ма,
Мен балдағы алтын ақ берен,
Алып белге ілермін.
Атамнан қалған берендер,
 
Бексауытын киермін.
Мен қабан құлақ қара атты
Қатырып тұрып мінермін.
Мен көрмеген алаш жоқ,
Бәріне де тиермін.
Мен болаттан сарт-сұрт сынармын,
Дариядай аққан тұнармын.
Қалу менен Сарының
Басын кесіп алармын.
Ақ құрбанды шалармын,
Тап өзімдей қылармын,
Қалу менен Сарының,
Басын кесіп алмасам,
Ақ құрбанды шалмасам,
Тап өзімдей қылмасам,
Қарасай атым құрысын!
Ер Орақтың ұлы едім,
Осы еді менің туысым!
 

Мұрат Мөңкеұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *