Болғанда сары жұлдыз, қаз келеді

Жантолы:
Болғанда сары жұлдыз, қаз келеді,
Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.
Айтқаның қатын өсек – басыңа сын,
Құдеке, дардай етіп аз немені.
Мұрат:
Болғанда сары жұлдыз, қаз келеді,
Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.
Айтқаны қазекемнің өсек пе еді,
Мұқым-ақ, іріңі аққан таз деп еді.
Жантолы:
Болғанда сары жұлдыз, қаз келеді,
Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.
Дос бар ма, осы күнде бәрі дұшпан,
Айтады дардай етіп сәл немені.
Мұрат:
Болғанда сары жұлдыз, қаз келеді,
Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.
Тіліне бұл қазақтың енді нанбан,
Ақ кеуде мал болмастай жан деп еді.
Жантолы:
Құдеке, асыранды қазым қашты,
Жүргенде өзімсініп, жазым қашты.
Елжіреп іші-бауырың түсе берсе,
Емдесек, жазбаймыз ба жалғыз басты!
Мұрат:
Жантолы, асыранды қазың қашты,
Жүргенде өзімсініп, қазым қашты.
Әсеттің туысына қарсы келді,
Байғұс-ау, арқандап қой, тазың қашты
 
 

Мұрат Мөңкеұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *