Ізім:
Мен қарамын, қарамын,
Сол қараның ішінде
Қарабура тамамын.
Сол таманың ішінде
Ізім атты баламын.
Томағамды ал да да, топқа сал,
Самсаған қолдан озамын.
Бұрама темір, сом алтын,
Қалай салсаң, олай сал,
Майыстырсаң барамын.
Алдымнан келсең аламын,
Артымнан келсең шаламын.
Мен қара қасқа қабанмын,
Топтан торай шаламын.
Түсің тәуір, жас жігіт,
Аты-жөнің айтып кет,
Солайша сұрап аламын.
Мұрат:
Сен қарасың, қарасың,
Қара болсаң далада,
Қарауытып тұрған моласың,
Тама болсаң келімсек,
Жетіруға қонақсың,
Сол таманың ішінде
Ізім бір атты баласың,
Бұрама темір, сом алтын,
Қалай салсаң, солай сал,
Майыстыра барасың.
Мұрат Мөңкеұлы