Сөз айтып, әңгіме етем көрген түрге

Сөз айтып, әңгіме етем көрген түрге.
Шынжырың жеті атаңнан арылмаған,
Қашаннан Алла сізді жарылқаған.
Болғалы атаң сенің ер Есболай,
Дұшпаннан кегің бар ма алынбаған?
Итемген Есболайдың баласы еді,
Қосылған жеті арнаның саласы еді.
Байұлы он екі ата ел болғанда
Қайраты қай қазақтың талас еді?
Беріш бар жеті баулы санағанда
Бәрінің Есболай бай ағасы еді.
Ауылсың шеңгел толып мақтағандай,
Мен жүйрік айтар сөзге тоқтамаңдай.
Қатардан асқан жансың мырзалығың
Алланың аманатын ақтағандай.
Дүниеден бір күн ауып кете қалсаң,
Артыңнан Беріш баласы жоқтағандай.
Аралас қайыңменен бітеді емен,
Жиылып көп азамат сөйле деген…
Жас күнімнен жиылған
Алқаның көрдім кеңесін.
Дуадақ ұшқан боз маңдай,
Мұнартқан төбесін.
Мақтағанда жыршыңыз,
Осы алқаның ішінде
Мұнан артық не десін?
Бес-алты ауыз жел сөзді
Сыйдырып айттым өзіңе.
 
 
 

Мұрат Мөңкеұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *