«Ассалаумағаликүм, Қибат пен қарт ана,
Ақылың асқан сен дана.
Айналайын Қибатжан,
Неге бардым қасыңа,
Болмадым қамқа басыңа.
Ойлап-ойлап қарасам,
Қарағым, сенің, көзіңнің
Қалып келіп тұрмын жасына.
Тәңірім тілек бермеді,
Көздің жасын көрмеді.
Қарекем қолда барында
Дұшпанға тендік бермедім.
Бұл күндері болғанда,
Қарекемнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,
Қарекемнен келгенім.
Дұшпандар кетті зор болып,
Біз сорлы қалдық қор болып.
Қырық құлаш зындан ішінде
Қарекем қалды қор болып.
Шаба алмады қайта қамалға.
Келмеді тілі аманға.
Қарекемнен айрылып,
Бишара болып, Қибатжан,
Тап болып тұрмын мұндай заманға!»
Қашаған Күржіманұлы