Әуре болдым сенделіп

Әуре болдым сенделіп,
Талай кездім желденіп,
Жағасы жақұт кіреуке
Жыртыла жазды елденіп.
Кете жаздым, шырағым.
Көрінген жұртқа жем болып.
Айым мен күнің екеуің
Қосылдың ба жаңа тең болып?
Алғаным кетіп арланып,
Алғаным қолдан кеткен соң,
Айдаһардың екі баласы,
Іздендің талап қарманып.
Тәңірім тілек бермеді,
Көздің жасын көрмеді.
Аян беріп түсінде
Бабаңыз жәрдем бермеді.
Қарасай, аман келдің бе,
Қалмақтың жауын көрдің бе?
Қасыңдағы әскерің
Бәрі де сау-саламат келді ме?

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *