– Ал барып келді Тамаңыз,
Көп жиналған ағамыз,
Адам көрмеген қиын жолы бар,
Келер ме, ерлер, бұған шамаңыз?
Алладан жәрдем болмаса,
Қайтер екен бала-шағаңыз?
Осындай қиын жолы бар,
Сескеніп келді Тамаңыз.
Орақтан да қалған қала екен,
Бұған қайтіп барамыз,
Бұны қайтіп аламыз?
Асты тас та, үсті жол
Қараңғы жерде жолы бар.
Жүре алмайтынға
Ұқсайды ауыр қол.
Жолының барған төрінде
Беріктік соққан тас қала.
Айнала қазған оры бар.
Қаласының басында
Асылы гауһар болаттан
Құрулы жебе торы бар.
Енділігі қырық аршын,
Ел жағалай қонғандай.
Сол қамалдың басына
Шабуыл шапсаң да болғандай.
Сырты темірмен қаптаулы
Мұнараның басында,
Мұсылмандардан жаулар келер деп
Күзетшілер тұр сақтаулы.
Сол қаланың ішінде
Жүйрік аттар баптаулы,
Найза мен қылыштар да сақтаулы.
Қорғанның басында
Қырық мыңдай мергені тұр мақтаулы
Бұл қалаға барған жан
Бір пәлеге анық жолығар,
Қашаған Күржіманұлы