Ардақты ағам Қарасай

Ат іздеген жігіттер бір жерде бір кәрі тарланның басын
сауырына салып жусап тұрғанын көреді. Атты елдің ортасына қарай айдап келіп сұраса, бұл аттың иесі Көкшенің
ұлы Ер Қосай деген кісі екен. Қосай сол кезде тоқсанға
келіп, алжып жатыр екен. Қосайға келіп, атты сұрап
қараса: «Әлі жаудан ойым бар», – деп, атын бермейді.
Келген жігіттер ұзақ саудаласып, атты алатын болады.
Сонда Қосай Қарасайға мынадай сәлем айтады: «Менің
атыма 9 құл, 9 күң, 9 сусар тон және Ноғайлыдағы сұлу
қарындасы Қибатты маған тоқалдыққа береді», – деп
сәлем айтады. Қарасай осыған келісіп, атты алған екен.
Келген атты таң асырып байлап қояды. Таң ата Шолпан
жұлдыз белгі бере, бес қаруды белге, байлап, ат мінейін
деп келсе, қарындасы Қибат аттың шылбырын беліне
орап алып, мына сөзді айтады:
Ардақты ағам Қарасай,
Менен үлкен сен едің,
Сенен кіші мен едім.
Атам Орақ өлгелі
Қайғымен уайым жеп едім.
Атам тірі тұрғанда,
Қай қазақтан кем едім?!
Жамандарға көп едім,
Жақсыларға еп едім.
Атқа тұрман саласың,
Жалғыз тайға саудалап,
Мені сатып барасың.
Мен қарғасам – тай өлер,
Ит пен құсқа жем болып,
Бір жапан түзде қаласың.
Жүретін едім сағынып,
Жалғыз тайға сатқандай
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *