Алақандай мөр басқан,

Алақандай мөр басқан,
Оқыған адам адасқан
Бір қызыл мөрлі хат келді.
Оқытып, тыңдап қарасақ,
Қондыкердей ноғайлы
Патшаның жазған хаты екен.
Еліме қалмақ келді деп,
Аңсырап жүрген ерлердің,
Тілеуін Алла берді деп,
Күзбан деген күшті жау
Мұны келіп көрсін деп,
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен
Сыбағасын берсін деп.
Ерлердің бәріне де сәлем жазыпты
Аруақты батыр баласы
Қарасай да қалмай келсін деп,
Атаға тартпас ұл болса,
Мал бағу үшін туған құл болса,
Үйінде жатып өлсін деп.
Мен сорлының атымды
Қағазға патша іліпті,
Патша қайдан біліпті?
Көрмесін патша жорықты,
Патша қайдан білді екен
Мендей жетім ғаріпті?
Барайын десем бұл жауға,
Атсыз қайда барамын?
Егерде атсыз жөнелсем,
Маңдайымды күн тесіп,
Табанымды жер тесіп,
Бір майданда қаламын.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *