Бұ да қалмай, жаудан жетіссін.

Бұ да қалмай, жаудан жетіссін.
Және дұғай сәлем айт,
Күндік жерден оқ атқан,
Атқан оғын алты қырдан әрі жоғалтқан,
Ерте тұрып, кеш жатқан,
Күндіз жүріп, түн қатқан,
Қабағына қарыс сүйемге жақын
Мұз қатқан, Айдаһармен, аюмен
Қойындаса келіп бір жатқан,
Айдаһардың ішкен су
Қордасынан келіп дәм татқан,
Астында мінген тұлпары
Қабан құлақ қараша ат
Дұшпанға қарсы шапқанда,
Қаршыға құстай парлаған,
Айдаһардың жүрегіне
Қолдарын салып барлаған,
Дулығалы бастарды көп кескен,
Дұшпанды көрсе, өштескен,
Менің жебедей жауһар қияғым –
Өлді деп тұр ғой Орағым.
Орағымнан қалған қарағым,
Айналайын Қарасай,
Аламаннан, қалқам, қалмай кел,
Қабыл болсын талабың!

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *