Үрмәтлу саламат па, төре Шәді?
Біртіндеп кетіп жатыр жас пен кәрі.
«Төреден ақын Шәді шығыпты» деп,
Мақтап жүр сыртыңыздан жұрттың бәрі.
Нағыз төре әулеті сіз боларсыз:
Арғы атаңыз хан Абылай, Кенесары.
Баспадан «Сияр Шәріп» кітап шықты,
Біреуі де тиген жоқ маған әлі.
Сол үшін әдейі арнап бармақшы едім,
Сақталған бірен-саран бар ма, кәні?
Хабарын жіберерсіз мүмкін болса,
Кемелдің өлең жазған Құлыншағы.
Құлыншақ Кемелұлы