ЖАРҚЫНБЕК ПЕН ИКЕНГЕ АЙТҚАНЫ

 
Даланың аңын қақпан алады,
Қақпанды тапқан алады.
Шалбар бұттың тасы ауыр,
Құлжа арқардың басы ауыр.
Жарқынбектің жасы үлкен,
Қақпан тағы соның мүлкі.
Икен, сен қақпаннан
Көріпсің де апсың түлкі.
Ырымын жасамастан,
Қақпанды бос тастап кетіпсің,
Көргенсіздік етіпсің.
Анау-мынау демейсің,
Мұнан бұлай қақпаннан
Сырт айналып жөнейсің.
 
Құлыншақ Кемелұлы
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *