Барлардың қара тасын атып сындырған,
Халықтың көңілін тындырған,
Ханның да көңілін тындырған,
Ханның қызы Ақжүніс
Ат сауырына мінгізген,
Шағаннан қалмақ сайланған,
Қалмақты қойдай айдаған,
Балқашқа малды кіргіздің,
Ноғайға дәурен сүргіздің,
Алты мыңдай келген қалмақтың
Бәрін қоймай бір жойдың,
Неғыларыңды өзің біл,
Мөр басылды қағазға,
Қарсының ұлы Ер Тарғын,
Атыңды жазып, қол қойдым.
Және дұғай сәлем айт,
Анасы өткен ақ Меңді,
Ол бойына біткенде,
Толғатып тұрған қырық күн,
Қайғы жеп еді күн мен түн.
Қорамсақ толған көп оқты
Ор аузына төккен ер,
Мұсылмандардың қамы үшін
Қиындық, жапа шеккен ер,
Атқан оғын сұрасаң,
Алты қырдан әрмен зулатқан,
Астына мінген тұлпарды
Шабуылмен қунатқан,
Байласын белге алмасын.
Арып-ашып талмасын,
Атақты ердің баласы
Қашаған Күржіманұлы