Мал іздеген талапкер

Мал іздеген талапкер
Ырғыз бенен Торғайдан,
Қара өзен мен Сары өзен,
Ішкі орданың халқынан,
Хиуаның түрікпен, сартынан,
Пайдалы деген даңқынан.
Қайтушы еді еліне,
Мекен еткен жеріне,
Амал жұлдызын атқарып,
Ақшаға жаны толулы,
Әбден жолы болулы,
Азаматтары мақтанып,
Келгені жаяу аттанып,
Көңілдері шаттанып.
Жем аяғы бұл күнде
Толығып еді мал айдап,
Төрт түлік дәулет – қара айдап.
Сарытау, Самар, Қазаннан
Талапқа келген саудагер,
Бұ да көкке қарады,
Қазына жинап сарайлап.
«Сахараның елі шашық, – деп,
Баруға алыс, қашық, – деп, –
Шаңды аяқ елге бармалық,
Келе алмаспыз асып»,– деп,
Кемітуші еді жек көріп
Қой баққанды қорлық деп,
Наданның сөзі зорлық деп
Сахараның елін көшпелі.

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *