Ноғайлының елінде,
Үшқиянныңжерінде,
Асанқайғы бас болып,
Қайғыменен өтсе де,
Нарынды тастап кетсе де,
Құтты екен бұл қоныс:
Баққан қойы бүркіттей,
Дулығасы үйген іскірттей.
Кәрі биесі жал алған,
Нарлары семіз қом алған,
Кәрі саулығы шайлаған,
Еркек қой мен тоқтысын
Шаруасы ерте байлаған.
Ерлері бар еді егескен,
Дұшпанымен шенескен.
Абыройы асқардай,
Не жақсымен теңескен.
Құбарлан ертіп, құс салған
Лашын, сұңқар ұстаған.
Елеуретіп екі жүйрік жетектеп,
Сулығын алтын бедерменен кердірткен,
Жалын сабау тіспен тердірткен.
Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен,
Бұл жетімдерге жем екен.
Шөбі малға май болар,
Аш-арыққа жай болар
Қашаған Күржіманұлы