Ауыл мұғалімдеріне қандай жеңілдіктер жасалады?
• Ауылда істейтін мұғалімдердің жалақысы мен тарифтік мөлшерлемелер қаламен салыстырғанда кемінде 25%-ке арттырылып белгіленеді;
• Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері бөлінеді;
• Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімімен мал ұстайтын мұғалімдерге жем-шөп, жайылым мен шөп шабу үшін жер учаскелері ұсынылады.
Жас отбасылар мен мұғалімдерді баспанамен қамтитын ілкі жоба іске қосылды
Қазақстан заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті оның кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
Педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер Қазақстан заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Мұғалімдер туралы заң жобасы барынша түсінікті тілде жазылған. Заң жобасын әзірлеу барысында 8 мыңнан астам ұсыныс түсіпті.
Қазір аталған құжат барлық мемлекеттік органға жолданды. Енді қаржы министрлігінен бастап барлық 13 мемлекеттік органмен келісіледі. Содан кейін үкіметте зерделенеді. Ал ақпан айының басында мәжіліс депутаттары заң жобасының кем-кетігін түзеп, сенатқа жолдайды. Тек содан кейін ғана болжаммен маусым айында Қазақстан президенті аталған заңға қол қояды деп жоспарланып отыр.
Р.S. Құрметті оқырман «Мұғалім мәртебесі» заңы әлі толық қабылданған жоқ. Жоғарыда аталған жеңілдіктер мен көмектер алынып тасталуы да мүмкін екенін ескертеміз.