Өшкен қайта жанбайды,
Өлген қайта келмейді.
Артында қалған ата-ана,
Қайғырса да өлмейді.
Алланың ісі дұрыс-ты,
Қарсы тұрар шама жоқ.
Ақ сұңқарың ұшыпты,
Қайырын берсін қалғанға,
Өлмейтін пенде болмайды
Бұл дүние жалғанда.
Түгел адам, сірә, жоқ,
Бәрі де өткен арманда.
Шүкір деп бекін, Дәулетжан,
Болат боп басқа салғанға.
Құлыншақ Кемелұлы