Біз шығып елден келіп Көлбай қондық,
Көлбайды жоқ десе де болмай қондық.
Қонаға бір ешкісін сойғызып жеп,
Иірген тақыр жерге қойдай болдық.
Көлеке, барлық балпаң, жоқтық жалтаң,
Жүрісі жоқ адамның сыбай-салтаң.
Қыдырдың басқан жерін сен де басып,
Бұл күнде дүниеге толды қалтаң.
Дүние біткен сайын қатайыпсың,
Бұл дүние әркімдерді еткен сарсаң.
Құлыншақ Кемелұлы