Байдың көзі түсті балаға.

Байдың көзі түсті балаға.
Сәбидің дауысын есітіп,
Бай шошып кетті далада.
Сонда тұрып бай айтты:
«Мынау жатқан жас бала,
Бұ не деген масқара?
Үстінде бар қарақұс,
Мұндай бұйым бар ма еді
Сіз бен бізден басқада?»
Сонда тұрып төре айтты:
«Тақсыр, бұған шошыма,
Бермесе Алла осындай,
Келетін бе едік бұл жерге,
Бізді айдаған екен осылай».
Атынан түсіп, төре алды,
«Ұл бала екен», – деп алды.
Бұрынғы қарттар салған жол,
Төре берді, бай алды.
Сөйтіп үлгі етіпті
Бір-біріне байлауды.
Сонда тұрып бай айтты:
«Төре берді – алғаным,
Білмеймін мұның ар жағын.
Таза сақтап өсірсем.
Алла бергей ақиретте
Сауабының салмағын.
Жақсы болса, ұл болар,
Жаман болса, құл болар.
Далаға тастап кетпейін,
Залалы тиіп жүрмесін
Бүл балаға таудағы
Қасқыр мен түлкі, қарғаның.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *