Көлдей болар, шырағым

Көлдей болар, шырағым,
Көздей тесік жыртығың.
Өзіңді өзің мақтайсың,
Одан пайда таппайсың,
Бұ да аузыңның тыртығы.
Жұрт күлсін деп айтамын,
Одан басқа сендейге
Болады сөзім құр шығын.
Менің сөзім – сары алтын,
Сенің сөзің, – қола, мыс.
Өтірік десең, берелік
Арасына сыншының.
Тастайды дейді тамұққа
Өзіңіздей жауыздың
Ғайбат айтқан күншілін.
Сен бір – есек, мен – тұлпар,
Адай түгіл, Алшынға
Естілген дүбір-дүрсілім.
Өзіңнің сорың тигенің,
Қиянаттап күндедің.
Топты аузына қаратқан
Жасымнан жүйрік тілдімін.
Адай түгіл, Алшынға
Хан, хәкімдей бұлдымын.
Сен белгілі жүйрік емессің,
Сен бір жүрген зияндас
Айналкөсі жындының.
Шығарармын мысыңды,
Ақымақтықпен білмедің
Айналдырар кісіңді.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *