САРАҢ СҰПЫҒА

Қашаған Ермағамбет деген молдаға келіп, жоқшылығын
айтып, көмек сұрайды. Молда:
– Саған көмектеспек түгіл, өз үйімді де асырай алмай
отырмын, – деп қабағын қарс жабады.
Молда үйіне қонбай жүріп кеткен ақын, «Молда
мен байдан не шығатын еді» деп, Алтынай деген жесір
әйелдікіне келеді. Әйел ақынды барымен сыйлап,
құрметтейді.
Ертесіне Ұлмекен деген әйелдің кісілігін көреді. Ауыл
адамдары жиналып, жыр тыңдайды. Ақын сонда сараң
сұпы мен малқұмар байлар туралы толғайды:
Елден іздеп шыққаным
Ермағамбет молда еді.
Қанақа қаққан залымның
Пиғылы жаман, оңбады.
Тар пиғылын көрген соң,
Шал жыршың бұған қонбады.
Шет жерде жүріп сағынып,
Келгенімде тарығып,
Алыстан аңсап келгенде,
Тауым жаман шағылды.
Тәңірберген халқынан,
Біреу емес, жалпыдан.
Ауыл арасы болмаса,
Жиреншек екен Қосайдың
Біздей келген қартынан.
Сәбидей бізді көрмеді,
Керек десе, бермеді
Отқа көмген жарты нан.
Судан балық кеткен соң,
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *