ЖҰТТАН КЕЙІН

Кешегі байдың бірі жоқ,
Толқыған дәулет малы жоқ.
Бай баласы тіленші,
Аш кісінің ары жоқ.
Қыс күнде байдың сәні екен
Үлекке салған келесі.
Жаз күнде байдың сәні екен
Ірімшік, құрттың өресі.
Төрт түлік малдың сәні екен
Тас астау салған дересі.
Ауылдың о да сәні екен
Қасында тұрса қара төбесі.
Жиылар еді төбеге
Ақсақал, бидің кеңесі.
Жағалай теңіз кепірен
Қисапсыз түйе мал еді.
Қабырғасы кемедей,
Дулығасы биік төбедей,
Төрт аяғы дередей,
Кірпіктері жебедей,
Түйесінің көркі нар еді.
Құмырсқадай қой, жылқы
Кең бауыр жатқан сала еді.
Кең кереге, сырлы уық,
Келіншек пен қыз тіккен
Мырзалардың сәнді үйі
Ақ төбедей бар еді.
Есігі — көше, төрі базардай,
Сәнді ауылдың сыртынан
Молдалар айтқан азандай.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *