(1нұсқа)
Кіші де болса сыйлап жүр,
Артыңнан ерген ініңді.
Артыңда інің көп болса,
Ұзын да қылар тіліңді.
Артыңда інің болмаса,
Күндердің күні болғанда,
Алады қатын сырыңды.
Қатын деген қарақұрт,
Бір теңге көрмес құныңды!..
(2нұсқа)
Кіші де болса сыйлай жүр,
Артыңнан өскен ініңді.
Артыңда інің көп болса,
Ұзын да қылар тіліңді.
Артыңда інің болмаса,
Өзің жалғыз болған соң,
Алады қатын сырыңды.
Көңілі біреуге қосылса,
Бір пұлша көрмес құныңды
Құлыншақ Кемелұлы