ДОМБЫРАНЫҢ ҚАҚПАҒЫ

Қашаған тұзға түсіп келе жатып, бір үйге кезігеді. Үй
иесі әйелдің қонақтармен ісі болмапты. Ақынның серігі
керегеге сүйеулі тұрған домбыраны алып береді. Сонда
Қашаған айтыпты:
Домбыраның қақпағы,
Қарағайдан салулы,
Көмейі шуда жіппен таңулы.
Ермек үшін балаларға жасалған,
Мұны неге тартсын Қашаған,
Өзі түздан шыққан аш адам!
Со кезде әйел:
– Ойбай-ай, жыршы қайнаға екен ғой, – деп кешірім
сұрап, қонақасысын беріпті.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *