ТОЙБАСТАР

Жиналып, халқым, құралсаң,
Сөйле деп бізге ұйғарсаң,
Бұл тойдың көркін айтайын:
Той болады дегеннен
Халыққа хабар таратқан,
Ат жүйрігін жаратқан,
Әшекейлеп, жасантып,
Отау тігіп, от жаққан,
Байрақты тігіп, ат шапқан.
Жыршысы болса – жырлатып,
Аламан болсын құралтып,
Жақсыларға тыңдатқан,
Тартысы болса – тартысып,
Өлеңі болса – айтысып,
Бұ да тәуір болады
Қыз-жігітке түн қатқан.
Ата-ананың хақы бар дейді
Сүт ақы мен ілуде.
Тартыс деген тамаша,
Шығарған қазақ баласы
Тек бір ойнап-күлуге.
Жиналған топтың құралы,
Жыршыдан өнер сұрадың.
Сұрағандарың сөз болса,
Қалағандарың біз болса,
Қандырайын көптің құмарын.
Шын шабытым келгенде,
Ағыным тасты аударған.
Мен бір қайнарлы өзен, бұлағың.
Сөйлейтін тілде өнер бар,
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *