ТОМПЫ БАЙДЫ ТІЛДЕУІ

Сөйлей көр, тілім, көмейім,
Біреуді алыс, біреуді жақын демейін,
Кәнеки, жырды басталық,
Орынсыз айтып аспалық.
Ел аралап жүрген соң,
Көріп жүрмін әр жерден
Нелер сараң қастаны.
Мақтайтын еді елдері
Қосыбайдың Томпысын,
Мырза деп қолын шашпалы.
Кездескен жерден жапырып,
Бос билік айтып сапырып,
Мырзалық айта бастады.
Көп сөзінің ішінде:
«Ақ қошқарымды ал!» – деп тастады.
Ертең тұрып қошқарды
Беруге енді баспады.
Түнде сойған қозысын
Қапия сойған екем деп,
Әбден қылды масқара.
Сұрастырып қарасам,
Қосыбайдың балдары,
Миларын тесіп құрт жеген
Сиқалы екен бастары.
 
 
 

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *