Хазіреті Біләлдің
Құлағы екен деседі.
Тиегін күнә десеңіз,
Шиеленген сыр шешеді.
Атамыз Адам пайғамбар
Жеті сазбен жерге кеп,
Күй шертіпті деседі.
Ол күндегі о да саз,
Бұл күндегі бұ да саз,
Сазды күнә деп жүрген,
Молдеке, сенің ақылың аз.
Молдеке, білмей адаспа,
Домбыраның бізге күнәсі аз.
Үстіңе тіккен үйіңіз,
Шақырса, бұған келмей ме
Хазірет, қалпе, биіңіз?!
Ас салып берер табағың,
Сусын ішер аяғың
Ағаш емей, немене,
Басыңда бар ма миыңыз?
Қанша Сұпы болсаң да,
Кеткен жоқ па сыйыңыз?!
Жақсының сөзі майдадай,
Жаманның сөзі найзадай,
Жақсыдай болу қайдағы-ай!
Қас жаманның үйінен
Жақсының артық моласы
Қашаған Күржіманұлы