Дариядан өткенде
Пырақ болған бұл ағаш.
Қараңғыда жарығы
Шырақ болған бұл ағаш.
Қаріп пенен қасірге
Қуат болған бұл ағаш.
Жетім менен жесірге
Суат болған бұл ағаш.
Өзіңді халық Сұпы дейді,
Боқтағаның қай ағаш?!
Өздеріңдей Сұпыға
Аса болған бұл ағаш.
Аңдып жүрген шайтанға
Таса болған бұл ағаш.
Жаңа дәрет алғанда,
Сәждеге басың салғанда,
Аузыңа салған мәсуәк
Ағаш емей, арқан ба?
Ағашты сондай боқтайсың,
Сұпыеке-ау, қалай айтасың
Ағузы менен алһамды?!
Домбыраны күнә десеңіз,
Жиын менен тойдыкі.
Ішегін күнә десеңіз,
Жұмақтан келген қойдыкі.
Пернесін күнә десеңіз,
Есебі ол пәннің он екі.
Құлағын күнә десеңіз
Қашаған Күржіманұлы