Жақсылар, келдің жиналып

Жақсылар, келдің жиналып,
Қашаған ақын келді деп,
Кеудесі мұның кең-ді деп,
Кеңес берер енді деп.
Сендерге кеңес беруге
Отырған жоқпын сыйланып.
Нәресте-сәби бала емен,
Жасы жеткен шал емен,
Шығып жүре беруге
Отырмын өзім иба ғып.
Сұпыекең мені жек көрді,
Сұпының сөзін тік көрдім.
Ел аралап жүргенде,
Сендей-сендей монтаны
Сұпыларды көп көрдім.
Сыйлар едің қампаңдап,
Қолын қысып жампаңдап,
Садақасы болса қойнында,
Үйіңе келсе бай адам
Жамылған мауыт шекпенді.
Ақылы бар милы адам
Азамат ерге тек дей ме,
Қонағын келген кет дей ме?!
Тәубем көп деп мақтансаң,
Барсисаныда Құдай қарғаған,
Азғырып шайтан алдаған.
Бізді күнәсі көп деп боқтасаң

Қашаған Күржіманұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *