Көретінін көріп мүлде бітпесе де
теретінін теріп біткен өмірден,
Ағайынға жанын бөлген
ақ айран боп төгілген.
Қара ормандай қарттарым
ай дәулетке емес, малға емес,
Жөндеп берген жалғыз ауыз
сәлемге де семірген.
Бабалар ай ірі едің ғой
іргеңді алыс сап көрмеген баршадан,
Ұсақтыққа берілмеп ең
кез болса да шаршаған.
Жер бетіне топан су кеп қаптаса да қаншадан,
Таңқаламын қылығыңа
тек ғана сол ірілікті, аңсаған.
Кішілігі нардай болса
кісілігі қомдай болған ғажаптар,
Ұрпақтары аңдай болса
ұлылығы жондай болған қазақтар.
БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ