Тауда туып, тауда өсіп
өлгенде де тау жастанған
тау ұлдары-ай армысың,
Сендерді айтсам аласарар
сеңгір-сеңгір асқақтаған қарлы шың.
Сақал-мұртты дуалы ауыз беттеріңе беттерімді
төсей алмай көп болды,
Сағындым ғой, сағындым мен
қайдасыңдар сар далаңда бармысың.
Шежіреден, шешендерден,
жыраулардан, абыздан,
Бізге қалған ертектерден аңыздан
Мөлдір таза сусын жасап мәпелеп,
Бал шырын ғып таңдайыма тамызған.
БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ