ДҮНИЕ – ОЛ БІР КӨЛДІҢ ҚАСҚАЛДАҒЫ

 
Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,
Жұлдыздай сәуле берген аспандағы.
Дүниеге сәби болып келгеннен соң
«Өмірдің – дейді халық – басталғаны».
Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,
Аққудай көлден ұшқан аспандағы.
Өткен соң балалықтан орта жасқа
«Егделік – дейді халық – басталғаны».
Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,
Кеменің секілді ол баспалдағы.
Өткен соң егделіктен сексен жасқа
Хабары қара жердің басталғаны.
Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,
Тағдырға айла бар ма қашсаң-дағы?
Өткен соң сексен жастан жүзге таман
Келмеске енді қайтып қойдың қадам.
«Біреуге біреу мейман» дегендейін
Осылай өте берер барлық адам.
Біреуге «берсем» дегін, «алам» деме,
Біреудің адал нанын алып жеме,
Артыңа жақсылығың қалса қалар,
Адамның жамандығы қалсын неге?!
 
Құлыншақ Кемелұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *