ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘНІ

Кімсің деме жалғанның жалқысымын,
Құрбанымын тағдырдың талқысының.
Тоз-тоз болып тараған аз қазақтың,
Бір шетімін, бөлінген жартысымын.
Бастан талай өткіздік сағым көшті,
Көшіп жүріп малым мен бағым да өсті.
Сонда дағы өрт қылып өзегімді,
Запыран боп төгілген зарым кесті.
Бақытсызбын демеймін көріктімін,
Кісі елінде жүрсем де еріктімін.
Бақыттымын демеймін күннен күнге,
Бара жатыр әлсіреп берік тілім.
 
 
 

БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *