Япыр-ай!

Япыр-ай! мына өлкенің биылғы жыл тұрғанын
ай көктемей,
Гүл бәйшешек өссе жақсы ед ұлы дала
ырыс құтын шектемей.
Тәңірім-ай табиғаттың қуаңшылық, тарлығынан
сақтай гөр,
Адамзатты азулы аң етпегей.
Япыр-ай! Мына заман қандай заман
күннен күнге
өзгеріліп баратқан,
Қасқырға емес адамдарды
бір-біріне талатқан.
Бала-шаға, ұрпақтардың жамандығын көрсетпей,
Осылардың алдында алса екен бізді Жаратқан…
-деп сыбырлап жалбарынып жалынып,
Отыратын дуалы ауыз қарттарым-ай
ерте алыстап барасыңдар арам
ыздан арылып.
Сендер сірә бәрің кетіп қалар болсаң арттарыңа
қарамай,
Мен қорқамын ұл мен қыздар тәубасынан қала
ма деп жаңылып.
 
БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *