Әділдікпенен шындықтан жаралған елді,
Қуменен сұмдар тонаған заман да келді.
Елім деп туған ер көңіл ірі сезімдер,
Қаралықтардың астында табандап өлді.
Көлеңке қуып біреу бар көп көзден қашқан,
«Сыпайы» мінез, қулықпентекті елденде асқан.
Көпшілік қауым оларды кешіргенімен,
Құтқарарма екен кең дала, көбек көк аспан
БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ